«Өзім қамқор боламын»: Мөлдір Әуелбекова ұлының сөздерінен кейін жылап қалды
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде балаларымен түскен видеосын жариялап, елді тәнті етті. Бүгінде қос перзентін жалғыз өзі тәрбиелеп отырған өнер иесі ұлының сөздерінен кейін жылап қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова балаларымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің перзенттерімен серуендеп келе жатқанын көруге болады. «Қос қанатым! Салтайым 2 сыныпқа, Аққызым балабақшаға қадам басты! Балаларымыздың қадамдары нық, сәтті, берекелі болсын», — деп жазды эстрада жұлдызы.
Оған қоса әнші ұлы Салтаймен түскен суреттерін бөлісіп, баласының өзіне айтқан сөздерінен кейін көз жасына ерік бергенін жеткізді. «Салтай бүгін «Анашым! Қарындасыма өзім қамқор боламын! Алаңдама!» деді! Жылап алдым», — деп жазды әнші.