«Өзі жеткізді ме»: Бишімбаевты тұтқындаған екі полицей жауапқа тартылды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Бишімбаев ісі бойынша екі полицей жазаланғанын және қызметтік тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабының (Қоғамдық орындарды ластау) талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласы “Есіл” ауданы Полиция департаментінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша сот тыңдауы кезінде процестердің бірінде полиция жетонынан Қуандық Бишімбаевты ұстау кезіндегі видео көрсетілді. Онда полиция қызметкері ұсталған адамнан “өзі ашуыңды келтірген шығар?” деп сұрады. Осы факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды.
Оқиға орнында болған тағы бір қызметкерге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Видеожетонда ол ұсталған адаммен бірге көшеде темекі шегіп, жерге түкірген кадрлары көрінген.