«Өзі қан-жоса, мешіт алдында пышақпен жүр»: Астанада полицейлер ер адамды ұстады (ВИДЕО)

0

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам өз-өзін пышақтап тастады, деп хабарлады Kznews.kz. 

Әуелі видео әлеуметтік желіге тараған. Ер адамды полицияның бірнеше қызметкері қоршап, тоқтатпақ болады. Полицейлердің шапан киген ер адамның пышағын қолынан тартып алуға тырысқан сәт видеоға түскен.

Желі қолданушысы Төртуыл Шоқан оқиға елордадағы Гёте көшесінде орналасқан мешіт алдында болғанын жазады. Оның хабарлауынша, қолына пышақ ұстаған адам «заңсыз сотталғандарды босатыңдар» деп талап қойған.

Полиция не дейді

Астана қаласы полиция департаменті видеодағы 36 жастағы ер адам психикалық диспансерде есепте тұрғанын хабарлайды. 102 нөміріне белгісіз ер адам пышақ ұстап, маңайындағы адамдардың өміріне қауіп төндіргені жөнінде қоңырау келіп түскен. Пышағы тәркіленіп, ер адамның өзі полицияға жеткізілген.