«Өзі келіскен»: Полиция ұрлап әкетіп, зорланған 17 жастағы қызға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында 17 жастағы қызды ұрлап әкетіп, зорлап тастағаны туралы хабарланған еді. Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

14 ер адам бір қызды жабылып зорлаған: Іс қайта қозғалды

Полиция мәліметінше, маусым айында Сәтпаев қаласының тергеу бөлімі 51 жастағы әйелдің 17 жастағы қыздың зорланғаны туралы дерек бойынша түсірген арызының негізінде қылмыстық істі тіркеген. 

Тергеу барысында жәбірленуші мен күдіктінің таныс болғаны анықталыпты. 

«Жәбірленуші күдіктіге тұрмысқа шығуға келіскен. Осыған байланысты күдікті дәстүр бойынша қызды алып қашқан. Олар бірге болған кезде жәбірленушіге туыстары хабарласып, інісін балабақшадан алып кетуін сұрапты. Қыз інісін балабақшадан алып кеткеннен кейін, үшеуі күдіктінің туыстарының үйіне барады», — дейді полициядағылар. 

Мұнан кейін күдіктінің туыстары жәбірленуші қыздың отбасына адам жіберіп, жастардың үйленетінін хабарлапты. Алайда қыздың туыстары ашуланып, оны қайтаруын талап еткен. 

«Қыз өзін алып қашқан жігіттің үйінде түнеп, ертесі күні екеуі кішкентай баланы балабақшаға алып барған. Мұнан кейін жәбірленушінің туыстарының талабы бойынша, қыз үйіне оралыпты. Оның анасы арада 9 күн өткеннен кейін ғана полицияға жүгінді», — дейді ведомстводағылар. 

Сондай-ақ, тергеу барысында жәбірленушінің ата-анасына жазған хаты тәркіленді. Қыз хатта ата-анасынан кешірім сұрап, күйеу жігітін жақсы көретінін, тұрмысқа шыққысы келетінін жазып, рұқсат беруін сұрапты. 

Полиция бүгінгі таңда куәгерлерден жауап алынып, бірақатар сараптама жүргізілгенін айтты.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында ер адамның 17 жастағы қызды ұрлап әкетіп, зорлап тастағаны туралы ақпарат тараған еді.

stan.kz