Өзі емдеп жүрген науқастардың қазасына шыдамаған дәрігер өзіне қол салды – Қазақстан жаңалықтары

0
6

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жедел көмек көрсету ауруханасының бөлім жетекшісі індетті жұқтырғандарды емдеп жүргенде психологиялық күйзеліске шалдығып, артынша өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лорна

Бұл туралы New York Post басылымында жазылыпты.

49 жастағы Лорна Брин COVID-19 жұқтырып, Вирджиния штатында тұратын Шорлотсвилл қаласында тұратын ата-анасының үйіне барған. Екі аптадан кейін ол аурудан жазылып, Нью-Йоркке қайта оралып, жұмысына кіріскен. Алайда оның денсаулығына алаңдаған әріптестері оны үйіне біраз демалып алуға жіберген. Артынша Брин психологиялық күйзелістің салдарынан өзіне қол жұмсапты.

Әкесінің сөзінше, соңғы кездері қызы коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін көріп, қатты мұңайып жүрген. Әсірісе, оған өзі емдеп жүрген науқастардың қаза болуы ауырға соғыпты.

Әріптестері Бринді жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын білікті маман ретінде сипаттайды. Аурухана өкілдері қазір марқұмның отбасына қолдау көрсету керектігін айтып өтті.

«Қиын жағдай кезінде Бриннің отбасы қайғыға душар болды», – дейді марқұмның әріптестері.

Еске салайық,  бұған дейін коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсағаны жайлы айтылған болатын.

stan.kz