Өзеннен өтпек болғанда суға кеткен — Түркістандағы апаттың себебі анықталды
Түркістан облысында өңірдегі ең ауқымды құтқару операциясы аяқталды. Осы өңірдегі тауларда жоғалған 7 турист бір айға жуық іздестірілді, – деп жазады exk.kz.
Туристердің үшеуі ғана тірі оралды, қалған төртеуі өлі күйінде табылды.
«Олар жартастар мен өзен жолдарын бөгеген жерге жеткен болуы мүмкін. Меніңше, олар Өгем өзенінен өтпекші болып, бірінен соң бірі суға кеткен», – деп есептейді ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.
ТЖД басшысының пайымынша, жігіттердің қолында таулы өзеннен өткенде тәжірибелі альпинистер мен туристер қолданатын арқан болмаған.
«Біреуі суға кетіп, қалғандары оны құтқармақшы болып өздері де суға батып кетуі мүмкін. Төрт жігіттің екеуі ағалы-інілі екені белгілі болды», – дейді ол.
Бұған дейін Түркістан облысындағы тауда жоғалған соңғы турист табылып, туыстары оның мәйітін танығанын жазған болатынбыз.