Home Жаңалықтар «Өздері беріп тұрған соң алдым, «Қалаулым» үшін емес»: Аша Матай атышулы төсбелгіге...

«Өздері беріп тұрған соң алдым, «Қалаулым» үшін емес»: Аша Матай атышулы төсбелгіге қатысты түсінік берді

0
1228

Қазақстандық танымал тележүргізуші, актриса Аша Матай «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен марапатталуына қатысты сын айтып жатқандарға жауап берді.

Алматыда тұрғандықтан Талдықорған маңындағы туған жеріне көп бармайтынын атап өткен әнші көмек керек болса, аянып қалмайтынын жеткізді.

«Бұл жайында көп айта бермеймін. Қайырымдылықпен айналысып, қаржылық жағынан көмек көрсетіп отырамын. Мұны көп адам білмейді, мақтанып та айтқым келмейді. Қордың өзі беріп тұрғаннан кейін төсбелгіні қабылдадым», – дейді Аша Матай Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айтуынша, бұл төсбелгі тек актрисаға ғана емес, өзі секілді туған жеріне көмек көрсетіп отыратын кісілерге де тағылды.

«Instagram желісінде барлығы не үшін төсбелгі берілгенін сұрап жатыр. «Не үшін? «Қалаулым» бағдарламасын жүргізгені үшін бе? Әлде сатып алдың ба?» деген сұрақтар да бар. Барлығына жауап беріп отыра алмаймын. «Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін» деген сөз бар. Сондықтан қайырымдылық жасап, көмектескетінімді жариялап айтқым келмейді», – деп қайырды актриса.

Аша Матай ес білгелі қайырымдылықпен айналысатын айтып қалды.

«15 жасымнан бастап шығармашылықпен айналысып, ақша тауып келемін. Сол уақыттан бері осылай көмектесемін. Қазір 32-ге келдім. Алғаш рет екі отбасыға бірдей көмектескенім есімде. Абай мен Гагарин көшесі қиылысындағы киоскіде газет сатып, 5-6 баласы бар жалғызбасты анаға көмектестім», – деді актриса.