Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнар Кәрімова түрмеге жіберілді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімова соттың бас бостандығын шектеу бойынша шешімінде қарастырылған тәртіп ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін жалпы тәртіптегі түрмеге жіберілді.

Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнар Кәрімова түрмеге жіберілді

Бұл туралы Өзбекстан Республикасының прокуратурасының ресми сайтында мәлімденді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ташкенттің қылмыстық істер бойынша облыстық сотының шешімі бойынша, Гүлнар Кәрімова 2017 жылдың желтоқсан айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда өткен жылдың шілде айында дәл осы соттың шешімімен Кәрімованың жазасы 5 жылға бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Кәрімова қылмыстық жолмен тапқан қаржыны қайтарып беретінін және мемлекетке келтірген шығынын толықтай орнына келтіретінін айтқаннан кейін сот осындай үкім шығарған еді.

«Сотталушы Кәрімованың таңдауы бойынша, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза оның қызы Кәрімова Иманның тұрғылықты жері бойынша тағайындалды. Бұл орайда сотталушызаңмен бекітілген жалпы шектеулерді сақтауға, соның ішінде үй аумағынан шықпау, байланыс құралдарын және интернетті қолданбауға міндеттеледі», — делінеді Өзбекстан прокуратурасының хабарламасында. 

Дәл осы хабарламада Кәрімова үкімдегі талаптарды орындамаған жағдайда, сот бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін түрмемен алмастыра алатынын көрсетілген. 

«2018 жылдың 22 қарашасында Гүлнар Кәрімова тұрғылықты жерінен өз еркімен кеткен. Осыған байланысты оған ескерту жасалды. Кәрімова ескертуге қарамастан тиісті тұжырым жасамай, тәртіпті және жазаны өтеу шарттарын бұзуды жалғастырды. Ол бірнеше рет байланыс құралын, сонымен қатар интернетті пайдаланып, қылмыстық іс бойынша анықталған шығынның қайтарылуына белсенді түрде кедергі келтірді», — делінеді ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты 2019 жылдың 5 наурызында Яшнабад ауданының қылмыстық істер бойынша соты бас бостандығын шектеу жазасын түрмеге қамау жазасына ауыстыру туралы шешім шығарды. Гүлнар Кәрімова жазасының қалған мерзімін жалпы тәртіптегі түрмеде өтейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz