Өзбекстанға барып келдім, күзге қарай картоп пен сәбіз арзандайды — министр

0

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов күзге дейін картоп бағасы айтарлық арзандауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ЭК.

«Біздегідей сәбіздің қымбаттауы көрші Өзбекстанда да қайталанды. Өйткені Қазақстан және Ресей Федерациясы да Өзбекстаннан импортты көбейтіп жіберді. Сондықтан сұраныс көп болған соң, оларда да баға қымбаттады. Ал бүгінгі таңда картоп бағасы төмендеп жатқанын байқап отырмыз. Енді күзде бұдан да айтарлықтай арзандағанын күтеміз. Сәбіз бағасы да солай«, — деді Бақыт Сұлтанов.

Министр бұған дейін Орталық Азия елдеріне 7 күнге барып келген болатын. Бақыт Сұлтанов 2 мың шақырым жол жүріп, 3 миллион доллар келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеген еді.

Ол, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен форвардтық келісімшарттарды рәсімдеудің нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады. Себебі өзара тауар жеткізудің нақты тәртібі болады. Мәселен маусымаралық кезеңде піспей тұрған өнім көрші елдерден жеткізіледі, ал өз өніміміз шыққанда, керісінше көршілерге жөнелтіледі. Осылайша қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік бар деген.