Өзбекстанда жол апатына ұшыраған қазақстандық бала жан сақтау бөліміне түсті
Қысқа сілтеме алу
Өзбекстанда жол апаты кезінде басынан ауыр жарақат алған баланы әзірге тасымалдауға болмайды
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Өзбекстанда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар көрші елде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы сенаттың кулуарында Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Оның айтуынша, бас сүйек-ми жарақатын алған 11 жастағы қазақстандық жан сақтау бөліміне түскен.
«Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету үшін Ташкенттен Сырдария облысына үздік мамандар жіберілді. Бала әлі хал үстінде жатыр. Қазір екі Денсаулық сақтау министрлігі (Қазақстан мен Өзбекстан – Sputnik) жұмыс істеп жатыр, байланыс орнатылды, науқасты әзірге тасымалдауға болмайды, оның бас сүйегіне ота жасалуда», — деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі.
Өзбекстандағы ірі жол апаты 23 маусым күні түнгі сағат 3:30-да болды. 6 адам зардап шекті. 1958 жылы туған қазақстандық оқиға орнында көз жұмды. Оның мәйіті Алматыға бүгін жеткізілді.
Тағы оқыңыз: ІІМ Қордайдағы жол апатынан көз жұмғандардың азаматтығын жариялады
Сондай-ақ салонда 2008, 2010 және 2013 жылы туған балалар болған. Қазақстандықтар Сырдария облысындағы туыстарына барған. Ташкент ауруханасында төрт адам емделуде. 2008 жылы туған бала Чизак қаласының ауруханасында жатыр. Оның жанында әкесі мен әпкесі бар.
sputniknews.kz