Өзбекстанда үнді препаратын қабылдаған 15 бала қайтыс болды

0

Өзбекстанда ЖРВИ-ге қарсы үнді препаратын қабылдағаннан кейін 15 бала қайтыс болды,- деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz  сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығының директоры М. Азизовтың облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Давронбек Жұманиезовке жазған хатының көшірмесі пайда болды, онда «Док-1 Макс» таблеткалары мен сиропын қабылдаған 15 пациенттің асқынуы мен өлімі туралы айтылды.

Хаттың түпнұсқалығы Республика Денсаулық сақтау министрлігінде расталды. Қазіргі уақытта препаратты сату Өзбекстанның барлық аумағында тоқтатылды. Арнайы құрылған жедел топ дәрі-дәрмектерді тексеруді бастады.