«Өзбекстанда тудым»: Бокстан әлем чемпионы атанған Бибосынов күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Сербияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Сәкен Бибосынов үлкен спортқа қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Бұл жөніде боксшы YouTube желісіндегі «Қызық Live» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, боксқа келуіне туған ағасы мұрындық болған.
«Боксқа туған ағам алып келді. Бокс әліппесін де туған ағам үйретті. Ағам боксшы болғандықтан боксты Бостандық ауданындағы өз үйімде бастадым», — деді былғары қолғап шебері.
Осы орайда Сәкен Бибосынов Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданында өмірге келгенін жеткізді.
«2013-те Қазақстанға келіп, Қазақстанның атынан шығып, қазақ елінің әнұранын шырқатайын, көк туын биікте желбіретейін деп, туған отаныма оралдым. Аллаға шүкір қазіргі уақытта осындай жетістіктерге жетіп жатырмын», — деді әлем чемпионы