Өзбекстанда сенат төрайымы ретінде тұңғыш рет әйел сайланды

0
47

21 маусымда Өзбекстан парламентінің сенат жетекшісі ретінде Танзила Нарбаева сайланды.

Өзбекстан сенатын алғаш рет әйел адам басқарып отыр. Оның кандидатурасын парламентке ұсынған президент Шавкат Мирзияев «Бала еңбегін жою бойынша талпыныстарын ерекше бағалаймын» деп атап өтті.

Сенаттың бұрынғы жетекшісі Нығматулла Юлдашев 20 маусымда бас прокурор болып тағайындалған.

63 жастағы Танзила Нарбаева Ташкент мемлекеттік университетін бітірген, педагогика ғылымының кандидаты. Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары, Өзбекстан әйелдер комитетінің төрайымы болған. 2010-2016 жылдары Өзбекстанның кәсіподақ федерациясы кеңесін басқарған.

Azattyq