Өзбекстанда сауда орталығында жарылыс болды

0

Сурхандарияда сауда орталығында болған жарылыс пен өрттен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан зардап шеккен адам табылды, деп мәлімдеді Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл туралы kznews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 03:57-де Сурхандария облысының Денау ауданында газ-ауа қоспасы шығып, соның салдарынан 2 қабатты үй жартылай қираған. Сол кезде бөлмеде болған 9 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Оқиғадан кейін өрт шығып, мамандар 28 минуттың ішінде өрттің алдын алды.

Жоғарыда айтып өткендей, 30 минут бұрын іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде зардап шеккен адам үйінді астынан табылған.

Сонымен қатар оқиға орнына Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған үкіметтік комиссия келді. Үкіметтік комиссияның құрамына Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан, Денсаулық сақтау министрлігі және республиканың басқа да ведомстволарының өкілдері кіреді.