Өзбекстанда өз қызын зорлап келген күйеуін әйелі өлтіріп тынды — новости Казахстана
Самарқанд облысының Пахтачы ауданында күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам құрықталды. Күдікті азаматша жұбайының 18 жастағы қызын осы уақытқа дейін зорлап келгенін алға тартқан деп жазады centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 26 қаңтар күні «Жахонобод» махаллесінде болған.
Тергеу кезінде әйел адам осы уақытқа дейін өз күйеуінің туған қызын зорлап келгенін айтыпты. Күдікті Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 97 бабы (Қасақана адам өлтіру) бойынша айыпталуда.
Самарқанд облысы ІІД қызметкерінің сөзінше, 48 жастағы ер адамның денесі 27 қаңтар күні табылған.
«Тергеу барысында оқиғаның 26 қаңтар күні түнгі 22:00-де болғаны анықталды. Құрықталған азаматша күйеуін әйнек ыдыспен ұрып, оны жаралап, кейін аяқпен тепкенін мойындады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді милиция қызметкері.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz