Өзбекстанда экономиканың дамуына селқос қараған 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды
Өзбекстанда қызметіне немқұрайлы қарап, жедел шешім қабылдай алмаған экономика саласына жауапты 297 басшы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызметінен босатылған шенеуніктердің орнына тың қөзқарастағы және халықтың сұранысына сай еңбек етуге ниетті жастар тағайындалды.
— Қатаң ескертемін: егер басшы махалляға барып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің мәселесін шешумен айналыспаса, онда оның лауазым иеленуге құқығы жоқ. Барлығы өзгеруі тиіс. Қазір әлемдегі саяси және экономикалық жағдай күрделеніп, жаңа қауіп-қатерлер көрініс таба бастады. Егер біз оған бейімделіп, бүгін тиісті шара қабылдамасақ, ертең кеш болады, — деді жиында сөз алған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда инвестиция тарту ісіне селқос қараған бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қызметін босатқан болатын.