Өзбекстанда BBC тілшісін аккредитациядан өткізді

0

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі 4 маусымда BBC телерадиокомпаниясының тілшісі Авазбек Тахировтің аккредитациядан өткенін хабарлады.

Өзбекстанда британдық ірі телерадиокорпорациясының қызметіне 13 жыл бұрын тыйым салынған. 2005 жылғы ресми дерек бойынша 187 адам қаза тапқан Әндіжан оқиғасынан кейін билік бірнеше халықаралық ақпарат құралдарының жұмысына тыйым салған еді. Олардың арасында BBC, Азаттықтың Өзбек қызметі, «Америка дауысы» және өзге БАҚ болған.

Мамыр айының ортасында бұғатталып келген кейбір ақпарат құралдарының сайты қайта жұмыс істей бастады.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда бұғатталған «Америка дауысы», BBC және өзге сайттар қайта ашылды

«Ферғана» ақпарат агенттігінің жазуынша, BBC-дің Орталық Азия елдері бойынша қызметі министрлікке аккредитациядан өту туралы 2016 жылы өтініш берген.

Бір жыл бұрын Өзбекстан билігі «Америка дауысының» Өзбек қызметінің тілшісі Навбахор Имамовты аккредитациядан өткізген. 2019 жылы сәуір айында Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі «Ферғана» агенттігінің ташкенттік тілшісі Андрей Кудряшевке елде жұмыс істеуге рұқсат берді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз