Өзбекстан Президенті шенеуніктерді қызметтен қуды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Сырдария облысының Сайхунабад ауданында жиын өткізді. Мемлекет басшысы жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі мен оның орынбасарының қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz fergana.agency-ге сілтеме жасап.
Бұл шешімге шенеуніктердің облыс тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп, табысын арттыра алмағаны себеп болған.
«Сайхунабадта кәсіпкерлік дамып жатқан жоқ. Жаңа Өзбекстанның тынысы сезілмейді», — деді президент.
фото: ашықдереккөз