Өзбекстан президенті алты қазақстандық шенеунікті марапаттады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев алты қазақстандық шенеунікті «Дустлик» орденімен марапаттады. Тиісті Жарлықты Республика басшысының баспасөз қызметі жариялады.
Марапатқа ие болды:
Ерлан Карин – мемлекеттік кеңесші;
Руслан Желдібай — Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
Серік Жұманғарин — премьер-Министрдің орынбасары;
Аида Балаева — Мәдениет және ақпарат министрі;
Бейбіт Атамқұлов — Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі;
Икрам Хашимжанов — Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.
Мемлекет қайраткерлері достықты нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге қосқан жеке үлесі үшін марапатталды.
«Дустлик» ордені (өзбек тілінен аударғанда «достық») Өзбекстанның мемлекеттік наградасы болып табылады және 1994 жылдан бастап Ислам Каримовтың бастамасымен беріледі.