Өзбекстан экстремизммен күрес тәсілін өзгертті

0
21 Желтоқсан 2018, 12:05 203 0

Астана, BAQ.KZ. Өзбекстанда діни экстремизм күдігіне ілккендерді арнайы «қара тізімге» енгізетін жүйе енді болмайды.

Бас прокурордың орынбасары Эркин Юлдашев баспасөз мәслихатында мәлімдеуінше, бұдан былай Өзбекстанда экстремизммен күрес тәсілі түбегейлі өзгереді.

«Жақында қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес, енді негізінен экстремизмнің алдын алу жұмыстарына көңіл бөлінеді», деді Эркин Юлдашев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 8 желтоқсанда конституцияның қабылданғанына 26 жыл толуына орай экстремистік топтармен байланысы бар деп күдікке ілінген 20 мыңға жуық адамның арнайы тізімнен шығарылғанын мәлімдеген.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ