Өзбекстан азаматы ШҚО тұрғынын 2 млн теңгеге «отырғызып» кетті

0

Аталған іске қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.

Өзбекстан азаматы өскемендік әйелдің 2 миллион теңгесін алып, қашып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

44 жастағы шетел азаматы 40 жастағы қала тұрғынымен интернет арқылы танысқан. Әйелдің сеніміне әбден кіріп алған алаяқ оны бірге кәсіпкерлікпен айналысуға көндіреді. Қала тұрғыны банктен 2 миллион теңге көлемінде несие алып, «серіктесінің» қолына ұстатқан. Алаяқтың арбауына түскенін кеш білген келіншек полицияға арызданады. Тәртіп сақшылары оңай олжаға құныққан өзбекстандықты өзге қалада жүрген жерінен ұстаған.

– Ақпарат түскеннен кейін біздің қызметкерлер жедел-іздестіру шараларын бастады. Арада біраз уақыт өткенде қылмыскердің Тараз қаласында жүргенін анықтап, қолға түсірді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, – деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш іске қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды әлеуметтік желілерде танысу кезінде қырағы болуға шақырады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz