Өзбекше сөйлеген Әбдіжаппар Әлқожа жұрттың ішек-сілесін қатырды
Әлеуметтік желіде өзбек тілінде сөйлеген Әбдіжаппар Әлқожаның видеосы тарап кетті. «Қызық times» бағдарламасынан алынған үзінді @kazakh_stars парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.
Бейнежазбада Әбдіжаппар өзінің Жетісайдан екенін айтып, өзбекше судырата сөйлеп кеткен. Сол мезетте залда отырған қонақтар мен өнер жұлдыздарының ішек-сілесі қатып, күліп жіберген.
Ал бұл видеоны көрген желі қолданушылары «Өзбек пе?», «Менің жерлесім мықты», «Не айтып кетті? Түсінетіндер күліп жатыр. Жақсы нәрсе айтты-ау, шамасы», «үш рет көрдім ғой, тіпті» деп жазған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz