Өзбек тәртіп сақшылары пара алмауға Құран ұстап ант берген (фото) — новости Казахстана

0

Өзбекстанның Ташкент облысындағы Юкори Чирчик ауданының милиция қызметкерлері «пара алмауға» және «бопсалаумен айналыспауға» Құран ұстап ант берген деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Әлеуметтік желіде тараған сурет. Фото: Азаттық

Әлеуметтік желіде тараған сурет. Фото: Азаттық

Құзырлы орган қызметкерлерінің «ант беру» рәсімінен суреттер әлеуметтік желілерде тараған.

Жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін деген қауіппен өз аты-жөнін атамауды сұраған қызметкерлердің бірінің сөзінше, милиция өкілдерінің ант беру рәсіміне ауданның бас имамы қатысқан.

Ал тілшілерге ант беру рәсіміне қатысты аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері жауап беруден бас тартқан.

Өзбекстан ішкі істер министрлігі қызметкерінің Озодлик радиосының берген мәліметінше, құқық органдары қызметкерлерінің ант беру рәсімі Өзбекстан президентінің «Коррупцияға қарсы күрес» туралы заңды жүзеге асыру шаралары» туралы қаулысын орындау мақсатында қабылданған коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өткізіліп келеді.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар