«Өзбек диаспорасына соғысқа аттанғаны үшін қылмыстық іс қозғалады!»

0
43

Өзбекстан елшілігі Ресейдегі өзбек диаспорасына жауап берді. Өзбек диаспорасы Ресей үшін Украинадағы соғысқа аттанбақшы болған. Ведомство бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылғанын еске салды.

9 тамызда соғысқа баруды «Пермь өлкесі өзбектерінің Орталық Азия қоғамының» жетекшісі Джахонгир Джалолов ұсынды. Ол Ресейде тұрып, жұмыс істейтін өзбектерден ерікті жасақ құруды жоспарлап отырғанын айтты:

«Біздің балалар балабақшалар барады, мектептер мен университеттерде оқиды. Біз Ресейде тұрамыз және жұмыс істейміз. Біз өзіміз жейтін нанды ақтауға міндеттіміз. Мен еріктілер батальонын құруды және оны ұлы Амир Тимур деп атауды ұсынамын. Ресейдің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау жөніндегі арнайы әскери операциясын қолдаңыз» — деді.

Өзбекстан елшілігі келесі күні өз жауабын жариялады:

«Өзбекстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі отандастарға ерікті батальондар құрудан және/немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген шет мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарына қатысудан сақтандырады. Дипломатиялық миссия Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 154-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің аумағында қарулы қақтығыстарға немесе соғыс қимылдарына заңсыз қатысу қылмыс болып есептеледі».

Өзбекстан билігі шілде айының соңында өз азаматтарына Украинада соғыста болу қаупі туралы ескертті. Осыдан біраз уақыт бұрын Вагнердің Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарын Украинаға соғысқа шақырғаны белгілі болды. MediaHub журналистері анықтағандай, жұмысқа орналасқысы келетін өзге ұлтқа олар «Украинадағы арнайы операция аймағында тапсырмаларды орындауды» ұсынады. Азаматтарға айына 240 мың рубль төленетінін айтып, үгіттеген.

Ақпарат: theins.ru, фото: perm.bezformata.com