Өз туы, елтаңбасы мен әнұраны бар – Қарақалпақстан жайлы не білеміз
1 шілдеде Нүкістың мыңдаған халқы Өзбекстан Конституциясының өзгеруіне қарсы наразылық акциясына шықты. Жалпы Өзбекстанның Ата заңына енгізілетін өзгерістер жобасы 25 маусымда жарияланған. Қарақалпақ Республикасының мәртебесінен «егемен» сөзін алып тастау мәсеселесі де енгізілмек болған. Алайда мұның арты Өзбекстанды дүр сілкіндіріп жатыр. Ulysmedia.kz порталы Қарақалпақстан Өзбекстанның басқа аймақтарынан несімен ерекшеленетінін шолып көрді.
Қарақалпақтардың көпшілігі 17-ғасырда және 18-ғасырдың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеп, Ноғай ордасына, ол ыдырағаннан кейін Қазақ хандығына қарады. 1811 жылы Хиуа хандары қарақалпақ елін жаулап алып, Әмудария сағасына көшірді. 1855-56 және 1858-59 жылдары қарақалпақтар Хиуа езгісіне қарсы көтерілді. Патшалық Ресей әскерлерінің 1873 жылы шапқыншылық жорығынан кейін Әмударияның оң жағалауындағы қарақалпақтар Ресей мемлекетінің қол астына өтіп, Әмудария бөліміне бірікті. Бұл бөлініс 1887 жылы Түркістан генерал-губернаторына қарайтын Сырдария облысының құрамына енді. Ал өзеннің сол жағалауын мекендеген қарақалпақтардың аз бөлігі Хиуа хандығының қарамағында қалды. 1920 жылы желтоқсанда оң жағалаулық қарақалпақ жері Түркістан АКСР-іне қарайтын Әмудария облысы болып құрылды. 1921 жылы Қарақалпақ облыстық партия ұйымы құрылды. 1924 жлы БРОАК Түркістан АКСР-інің қарақалпақтар тұратын аудандарының негізінде Қарақалпақ автономиялық округін құрды. Оған Хорезм Республикасының қарақалпақ округі қосылды. 1925 жылы Қазақ АКСР-інің құрамына, 1930 жылы РКФСР құрамына енді. 1932 жылы Қарақалпақ АКСР-і болып, 1936 жылдан Өзбек КСР-інің құрамына енді.
Кедейлік, құрғаған Арал теңізі және 30 жылда өзгере қоймаған өмір – Өзбекстанның ең ірі аймақтарының бірі Қарақалпақстан жайлы көп айтыла бермейді. Аймақтағы нақты өмір туралы мәлімет аз, өйткені тәуелсіз БАҚ жоқ, интернет бәріне қол жетімді емес. Кәрімовтың қатал саясатынан кейін ол жақтан отанын тастап кетуге мәжбүр болған белсенділер көп болды. Жергілікті халықты ассимиляциялау әрекеттері туралы да айтылады. Соңғы уақытқа дейін олар 9 жыл бұрын (2013 жылы) өтуі тиіс Тәуелсіздік референдумына үміттенген, бірақ ол күнге Қарақалпақстан әлі жеткен жоқ.
Қарақалпақстан – Өзбекстан аумағының 40% алып жатқан республика. Онда әртүрлі деректер бойынша, 2 миллионға жуық адам тұрады. Қарақалпақстанда қарақалпақтармен қатар, өзбектер және қазақтар да бар.
Осыдан 32 жыл бұрын, 1990 жылы 14 желтоқсанда Өзбек ССР құрамында болған Қарақалпақ автономды республикасының парламенті толық тәуелсіздік алу жөнінде декларация қабылдаған. Бірақ 1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан өзара келісіп, Қарақалпақстан 20 жыл Өзбекстан құрамында болады деп келіскен. Келісімде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы қарастырылған болатын. 2013 жылы бұл келісімнің уақыты біткенімен, ешқандай референдум болмады.
Өзбекстан билігінің биыл ұсынған конституциялық өзгеріс жобасында Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы алынып тасталған болатын. Бұдан бөлек Өзбекстанның қолданыстағы Конституциясында «Суверенитетті Қарақалпақстан республикасы Өзбекстан республикасына кіреді» деп жазылса, жаңа ұсынылған өзгерісте «суверенитетті» сөзі алынып тасталған. Наразылық осыдан басталды.
Ташкент конституциялық өзгерістерді жариялаған соң Қарақалпақстанның өзінен бөлек шетелде жүрген қарақалпақтар да бұл ұсынысқа қарсы шыға бастады.
Әкімшілік мәртебесі аудан мәртебесіне теңестірілген 16 ауданға және республикалық маңызы бар Нүкіс қаласына бөлінген Қарақалпақстанда 12 қала және 25 қалалық кент бар. Әр аудандағы мемлекеттік билік хакиммен ұсынылған.
Қарақалпақстанның өзінің мемлекеттік нышаны: туы, елтаңбасы және әнұраны бар.
Сондай-ақ республиканың өз Конституциясы, Министрлер Кеңесі атынан үкімет және республикалық Парламент Жоғарғы Кеңесі бар. Қарақалпақстан үкіметінің басшысы Министрлер Кеңесінің төрағасы.
Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты төрағасының орынбасарларының бірі Қарақалпақстанның өкілі.
Республика табиғи, тарихи, сәулет және археологиялық көрікті орындарға бай. Үстірт үстіртінде ежелгі Вазир қаласының, Белеулі керуен-сарайының, Аллан бекінісінің қирандылары сақталған.
Туризм Қарақалпақстан экономикасының маңызды саласы. Бірақ әлі де негізгі сектор емес. Облыста табиғи газдың, алтынның, мұнайдың, металдардың және басқа да пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар, сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – астық шаруашылығы (бидай және шикі күріш өндіру), мақта шаруашылығы, мал шаруашылығы және жібек шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс.
Қарақалпақстанның базалық салалары – электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі. Ірі кәсіпорындардың қатарында Құнград сода зауыты, Ходжейлі шыны зауыты, құрылыс материалдарын шығаратын ондаған желі,газ өңдеу өнеркәсібінің флагманы Үстірт газ-химия кешені бар. Оның құрамына газды бөлу, этилен, полиэтилен, полипропилен өндіру зауыттары, сондай-ақ энергиямен жабдықтау кәсіпорындары кіреді.