Өз сөзіне жауап беруі керек

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мәжіліс депутаты бұл жағдайды этикалық комиссия қарауы қажет деген пікірде

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Депутат Азат Перуашев вице-спикер Владимир Божконың сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біріншіден, бұл мәселе бойынша арнайы этикалық комиссиямыз бар. Оны Қуаныш Сұлтанов басқарады. Сол комиссия қарау қажет. Екіншіден, меніңше, бұл сөз дұрыс емес. Әрине, мен ондай сөзбен келісе алмаймын», — деді Перуашев журналистерге берген сұқбатында.

Оның ойынша, этикалық комиссия қарамаса, депутат Божконы ұсынған ұйым қарауы тиіс.

«Бұл депутатты жіберген орган бар. Ол — Қазақстан халқы Ассамблеясы. Өткенде министр Дәурен Абаев бұл кісінің сөзіне түсініктеме берген болатын. Басқаша көзқараста айтты деді. Бәлкім, басқа ойы болған шығар. Бірақ кім болса да, әркім өз сөзіне жауапты болуы керек»,-деп пікір білдірді Перуашев.

Тағы оқыңыз: Дәурен Абаев: Владимир Божко — қазақ жерінің нағыз патриоты

Ал депутат Владимир Божконың өзі бүгін парламент мәжілісінің пленарлық отырысында көрінбеді.

Естеріңізге сала кетсек, мәжіліс вице-спикері «халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген пікір айтқан болатын. Владимир Божконың бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызды.



sputniknews.kz