«Өз құқықтарын білсе, көмек көрсетілер еді»: Министр 6 ай комада жатқан Ербаян Мұхтардың ата-анасы не себепті ақша жинағанын айтты

0

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың еміне не үшін ақша жинағанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап жазды.

Үкімет отырысында Дүйсенова Ербаянға мемлекет көмек көрсетер еді дейді. Оның сөзінше, сарбаздың ата-анасы ештеңе сұрамады.

«Олар дұрыс ақпараттанбаған. Ата-ана өз құқықтарын, мемлекеттік қолдаудың қандай түрлерін алу керегін білмеді. Егер өз құқықтарын білсе, бірден көмек көрсетілер еді», – деді Дүйсенова.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбазға дәрігерлердің қандай көмек көрсеткенін айтты.

«Науқасқа ота жасалды. Отадан кейінгі кезеңде 26 күн оңалту шаралары жасалды. Тиісті ұсыныстармен науқас үйіне шығарылды. Қазір оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқас өкілдеріне хабарластық, анасын оңалтуға жолдама дайындады», – деді Ақмарал Әлназарова.

Ол Мұхтарға еліміздегі қажет медициналық көмектің барлығы тегін көрсетілетінін баса айтты. Бірақ шетелдегі оңалтуға жәбірленушінің отбасы өзі төлейді.