«Өз ойым бағдарламасы жабылмайды»: Бағдарламаны сынның астына алған Нұрболхан Шәріпов неге ойынан айныды? — Қазақстан жаңалықтары

0

«Өз ойым» бағдарламасын сынға алған Нұрболхан Шәріпов пікірі жайлы Нұрсұлтан Құрманның ютуб арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ләйлә

Отандық бағдарламаның жабылмайтынын жеткізген әзілкеш Ләйлә Сұлтанқызы бұл жағдайға бей-жай қарағандай болғанымен, іштей барлық сынды қабылдағанын айтты. Шәріпов мырзаның ойынша, мұны тек заңмен құрықтауға болады.  

«Ләйлә Сұлтанқызы Жетінші арнаның басшылық құрамында бар. «Өз ойым» да сол кісінің авторлық  жобасы. Өзіңіздікі болса, сіз кез келген адамды продюсер етіп тағайындай аласыз. Мен ол кісіні жақсы білемін. Айтылған пікірге бей-жай қарайтын адам емес. Сондықтан бұл жағдайға ит үреді, керуен көшеді деп қарағанына күмәнім бар. Егер солай болса ол кісі маған әлеуметтік желіде блок қоймайтын еді», — деп пікір білдірді. 

Әрі қарай ол халық сын айтса да, көптеген бағдарламаның әлі күнге дейін жабылмағанына тоқталды. 

«Мысалы «Қалаулымды» кім айтпады. Оның ешқайсысы жабылған жоқ . «Өз ойым» да жабылмайды. Өйткені ол заңды түрде жүретін бағдарлама. Соны біле тұра, мен ол нәрсенің дұрыс емес екендігін Ләйлә ханымға айт не айтпа, ол дәл солай жүре береді.  Сондықтан, министірлікке хат жаздым, хатты қабыл алды. “Көп ұзамай бір хабарын беремін, күт» деді. Халық бір жағынан ашулы, бір жағынан бағдарламаны да көріп отыр. Бала-шағаңызбен келіп тамақ ішіп отырғанда, қазақ қызының ұятты нәрсе айтып оырғанын көргенде, қандай күйде болар едіңіз?» — дейді Нұрболхан Шәріпов.

Нұрболхан Шәріпов әлеуметтік желіде жарияланған деректері толықтай шындыққа жанасатынын айтты. Бұл ақпаратты бұрын «Өз ойым» бағдарламасында қызмет жасаған жандар берген екен.

«Маған «Өз ойымнан» шығып кеткен адамдар, иә сіздікі дұрыс, мен бұрын істедім сол жерде. Бізге 4 қонақ табу керек деп тапсырма береді. Әлеуметтік желіні ақтарып іздейміз. Тапқан адамымызға жазып шақырып алғаннан кейін, “Сен осылай айт, саған әлеуметтік желіде жазылушылар көбейеді» деп қызықтырады. Олар рейтинг үшін қызмет жасап жатыр. Рейтинг деген — ақша», — деп бітірді сөзін Нұрболхан Шәріпов. 

stan.kz