Өз халқыңа оқ атпа: Атамбаев мәлімдеме жасады

0
52

Азияда

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Атамбаев өткен түні ондаған адамның жарақат алғанына өкініш білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев «Апрель» телеарнасы арқылы үндеу жасады.

«Күш құрылымдарына үндеу жасаймын: өз халқыңа оқ атпа, мұның бәрі сендерге жақсылық әкелмейді», – деді Қырғызстанның экс-басшысы.

Атамбаевтың айтуынша, арнайы жасақ әскери қару да қолданған. Дегенмен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті күш құрылымдары резеңке оқ қолданды деп мәлімдеді.

«Бүгін мені күшпен ұстауға әрекет жасалды, өкінішке қарай, бейкүнә бейбіт адамдар зардап шекті. Тұтқындауға «Альфа» арнайы жасағының антитеррорлық отряды жіберілді. Біз террорист емеспіз. Мен де, менің үйімнің айналасындағы адамдар да террорист емес «, – деді ол.

Атамбаев өз үндеуінде көптеген жазықсыз адамның зардап шеккеніне өкініш білдірді.

«Өкінішке қарай, зардап шеккендер көп, ауыр жарақат алғандар бар. Билік менің заңға қарсы келмеу туралы үндеуімді ескермеді», – деп атап өтті ол.

 Тағы оқыңыз: Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

 Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, әртүрлі жарақат алған 43 адам ауруханаларға жатқызылды. Бір арнайы жасақ сарбазы операция кезінде кеуде тұсына тиген оқтан қаза болды.

Ішкі істер министрлігінің Шу облысындағы басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов ауыр жарақат алды, ол комаға түсті.



sputniknews.kz