Өз баласына зәбір көрсеткен: Қамаудан шыққан Павел Дуровқа тағы бір айып тағылды

0

Швейцариялық Ирина Болгар Тelegram негізін қалаушы Павел Дуровтың үстінен шағым түсірді. Ол өзін Павел Дуровтың балаларының анасымын деп таныстыррды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі америкалық Forbes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ирина Болгар Павел Дуровты баласына зәбір көрсетті деп айыптап отыр. Шағым Швейцария сотына 2023 жылдың наурыз айында түскен. Алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды.

Әйелдің айтуынша, Павел Дуров 2021 жыл мен 2022 жыл арасында 2017 жылы туған баласына 5 рет зәбір көрсеткен. Салдарынан баланың миы шайқалып, ұйқысы бұзылған.

“Дәлел ретінде Болгар Дуровпен хат алмасқанын және 2023 жылғы сәуірдегі дәрігердің анықтамасын көрсетті. Анықтамада баланың ұйқысы бұзылып, мазасыздануға бейім болып кеткені жазылған”, – деп жазды басылым.

Кейін Ирина Болгардың екеуінің ортақ балаларын асырап отрығаны туралы азаматтық талап-арыз бергені белгілі болды. Сондай-ақ әйелдің айтуынша, Павел Дуров алимент төлеуді тоқтатқан. Сол себепті Ирина Болгар айыпталушының баласына күш көрсеткені туралы арызданбас бұрын ол Дуровтан 150 мың еуро көлемінде алимент өндіру туралы сотқа жүгінген.

Бұған байлансты Павел Дуров әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Telegram меен Вконтакте негізін қалаушы Павел Дуров интернеттен балалар порнографиясын іздеумен және оны алып тастаумен айналысатын үкіметтік емес  екі ұйыммен серіктес болудан бас тартты. Оның бірі АҚШ-тағы жоғалған және эксплуатацияланған балаларға арналған ұлттық орталығы (NCMEC), екіншісі – Интернетті бақылау қоры.

Екі ұйым да Telegram-ға ұйымдардың жұмысына қатысу және олардың ресурстары мен әзірлемелерін Интернеттегі балаларға қарсы қылмыстармен күресу үшін пайдалану туралы ұсыныс жасаған. Алайда Telegram-нан ешқандай жауап ала алмады.

Американдық компаниялар үшін NCMEC-те тіркелу міндетті. Бірақ Telegram АҚШ-та тіркелмеген, Дуровтың өзі БАӘ-де тұрады.

Еске салсақ, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталғаны туралы жазған едік. Дуровқа Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін терроризм, есірткі саудасы, ақшаны жылыстату сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылған. 26 тамыз күні Франция соты Дуровты қамауға алу мерзімін ұзартқан еді. Сондай-ақ күні кеше оның қамаудан босатынлғаны белгілі болды.