Өз анасы өлтірген 7 жасар қыздың оқиғасынан кейін бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

0

Жеті жасар Милан қайтыс болғаннан кейін Павлодар облысында бірқатар шенеуніктер жұмыстан шығарылды.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин кеңес өткізіп, бірнеше бағыныштыларын қызметінен босатты. Ол балалармен болған кез-келген трагедияның артында мұндай жағдайлардың алдын алу үшін уақтылы шаралар қолданбаған ересектер тұрғанын атап өтті.

«Менің шешімім бойынша Шідерті кентінің әкімі қызметінен босатылды. Қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін полиция департаменті Екібастұз полициясының лауазымды адамдарына қатысты шаралар қабылдайтын болады. Шідерті медицина қызметкерлері, № 3 емхананың бас дәрігері, Бесқауға учаскелік инспекторы, білім бөлімінің басшысы, әлеуметтік салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды», — деді қала басшысы.

фото: ашықдереккөз