Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды 

0
Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды 


Мұғалім оны ұйықтап қалғаны үшін тізерлеп тұруға мәжбүрлеп, басынан 10 рет ұрған.

Қытай тұрғыны бұрынғы мұғалімге қол жұмсағаны жайлы видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын келтірді. Оқиға Қытайдың Хэнань провинциясындағы Лоян қаласында болған.  Видеода 30 жастағы ер адам мотороллер мінген мұғалімді тоқтатқаны көрінеді. Жігіт оған барып: «Мені ұмытқан жоқсың ба?» деп сұрайды. Ол есіне түсіріп жатқанда, қытайлық шапалақпен тартып жібереді. 

Бұрынғы оқушы педагогтың оны 20 жыл бұрын ұрып-соққанын айтып, төмпештей бастайды. Ол мұғалім кешірім сұрағаннан кейін ғана ұруды қояды. Шабуылдаушы сабақта ұйықтап қалғаны үшін таяқ жегені белгілі болды. Мұғалім оны тізерлеп тұруға мәжбүрлеп, басынан 10 рет ұрған.

30 жастағы жігіттің әрекеті қытайлық әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Видео желіде таралып кеткеннен кейін полиция тергеуді бастап, қытайлықты көрші қалаға қашып бара жатқан жерінен ұстады.   

Дереккөз: sputniknews.kz