Отыз миллионнан астам қолданушы WhatsApp-тан бас тартты

0

Қолданушылар Signal және Telegram мессенджеріне көшіп жатыр. Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллионға, ал Telegram жүктегендер 25 миллионға артқан

Соңғы үш аптада WhatsApp 30 миллионнан астам абоненттен айырылды, деп хабарлайды The Guardian.

Қолданушылар Signal және Telegram мессенджеріне көшіп жатыр. Қаңтар басталғалы Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллионға, ал Telegram жүктегендер 25 миллионға артқан.

Қазақстанда Telegram қолданушылары көп деуге болады, алайда Signal танымал емес. ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері, әлемге танылған Эдвард Сноуден күнде Signal қолданатынын айтқан болатын. Белгілі бизнесмен Илон Маск та осы қосымшаны жүктеп алуға шақырды.

Еске сала кетсек, WhatsApp 8 қаңтарда жаңа қолданушы келісімін жариялады. Оған сәйкес, қосымшаның жаңа нұсқасын пайдаланушылар Facebook-пен ақпарат бөлісуі керек болады.

Мұндай жаңашылдық жұрттың көңілінен шықпады. Қолданушылар жеке ақпаратын бөліскісі келмейтінін жеткізді. Сондықтан WhatsApp жаңа келісімді енгізу мерзімін 15 мамырға шегерді.

sputnik.kz