Отырарда бірнеше нысан пайдалануға берілді
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Отырарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ақтөбе мен Аққұм ауылдарында жабық спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілсе, Маяқұм, Көксарай, Темір ауылдық округтерінде ашық спорт алаңдары ашылды. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануларына үлкен септігін тигізеді.
Сонымен қатар мереке қарсаңында ауданда медиацияны дамыту орталығы да ашылды. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, бірыңғай қызмет көрсету орталығының ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ