Отставкадағы әскери шенді коронавирустан қайтыс болды

0
1188

64 жасқа қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© PHOTO : МИНИСТЕРСТВО ОБОРОНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН-Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

«Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады», – делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.