Отшашу жасамақшы болған ақтөбелік саусағынан айырылды

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Отшашу жасамақшы болған ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Отшашу жасамақшы болған 30 жастағы ақтөбелік ауруханаға түсіп қалды.

Ер адам 1 қаңтар түнде отшашу жасау үшін балконға шығады. Осы сәтте отшашу күтпеген жерден ер адамның қолында тұрып жарылып кетеді, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

«Сағат 00:21-де хабар келіп түсті. Жедел жәрдем 9 минут ішінде келіп жетті. Ер адам жедел жәрдем ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді. Ол қатты қорқып қалған. Шынтағы мен білегіне дейінгі аралық жарақаттанып, дәрігерлер оның сол жақ білегінің саусағын кесті», — деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сондай-ақ, жаңа жыл түні 383 ақтөбеліктің жедел жәрдем шақырғаны белгілі болды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/