Отқа оранған ұшақтың Мәскеу әуежайына қонған сәті
Жалын мен қалың түтінге оранған ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
РФ Тергеу комитетінің YouTube арнасында жарияланған видеода «Аэрофлот» әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 ұшағының қонған сәті түсірілген. Кадрларда отқа оранған ұшақ қара түтінге малынып, қатты жылдамдықпен өте шығады.
Ұшақ Мәскеуден Мурманск қаласына аттанған еді. 28 минуттан кейін Шереметьево әуежайына шұғыл оралып, қатты қонды.
Тағы оқыңыз: «Өртенді, өртеніп жатырмыз» Мәскеуде ұшақта түсірілген видео
Ауа райы қолайсыздығына байланысты ұшқыштар ұшақты екінші талпыныстан соң қондырған. Қонған кезде ұшақтың тағандары сынып, қозғалтқыштары өртенді.
Соңғы деректер бойынша, ұшақ апаты салдарынан 41 адам қаза болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
sputniknews.kz