Өткен жылы Қазақстанда қанша бала дүниеге келді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

2008 жылмен салыстырғанда дүниеге келген балалар саны 11,6% артты

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. 2018 жылы Қазақстанда АХАТ органдары дүниеге келген 397 799 сәбиді тіркеді, оның 235 014-і қалада, 162 785-і ауылда туған. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлады.

Туғандардың 51,6% (205 224) ер бала, 48,4% (192 575) қыз бала. 

«Туған кездегі жыныстық арақатынас 100 қыз балаға шаққанда 107 ер бала болды. 2008 жылмен салыстырғанда туғандар саны 11,6% (ер балалар – 12%, қыз балалар – 11,1%) артты», — деп жазылған хабарламада.

2018 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,77 (2008 жылы – 22,75) баладан келді, қалада – 22,16 (2008 жылы – 23,63), ауылда – 21,22 (2008 жылы – 21,75).

Қазақстан өңірлері арасында туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) болды.

Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30)  және Павлодар (15,72)  облыстарында көрініс тапты.

Тағы оқыңыз: Шымкентте көп балалы отбасыда үшем дүниеге келді

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары туудың жиынтық коэффициенті Түркістан (4,07), Маңғыстау (3,91) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,76) мен Қостанай (1,77)  облысында байқалды.

2018 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,7 жасты (2008 жылы – 28,1) құрады, қалада – 29,0 (2008 жылы – 27,8), ауылда – 28,3 (2008 жылы – 28,4).



sputniknews.kz