Өткен жылы еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне 1858 отбасы қоныс аударған
Мемлекеттік бағдарлама аясында қоныс аударғандарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр.
«Еңбек» Бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан 1 858 отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының тұтастығын ынталандыру үшін өз еркімен қоныс аударған азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Отбасылық жұп — Харченко Михаил Анатольевич мен Сергеева Елена Геннадиевна осы Бағдарлама аясында Шымкенттен Шығыс-Қазақстан облысының Бородулиха ауылына көшіп келді.
Екі апта ішінде Михаил Анатольевич өзінің біліміне орай жұмыспен қамтылды, көшіп-қонғаны үшін субсидия алып, оның үстіне өз қаражатын қосып үй сатып алды.
«Біздің байқағанымыз, бұл жерде тандыр наны мен самса пісірмейді екен, мен бұл ойымды жұмыспен қамту орталығында айтқанымда, онда мені қолдап, ҚР «Атамекен» ҰКП «Бастау-Бизнес» курстарын оқуға жіберді, ол жерде маған шағын бизнесімді басқаруға оқысын деп стипендия берді. Осылайша біз нан пісіру бизнесін аштық. Мен өзімнің алғашқы бизнес-жоспарымды қорғадым, екі жыл ішінде өз бизнесімді қолдайтын және дамытатын грант пен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік беретін сертификат алдым»,- дейді Елена Геннадиевна.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, мемлекеттің мұндай жақсы қолдауының арқасында адамдар ауылды жерлерде тұрақтап, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығымен айналысып, бизнесін ашып, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосады.
2018 жылдың қортындысы бойынша, еңбек күші артып жығылатын аймақтардан солтүстік аймақтарға 6 766 адам (1 858 отбасы) қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтардың ішінде еңбекке жарамдылар саны- 3 265 адам болса, оның 2 263-ы жұмыспен қамтылды. Соның ішінде, 180 адам кәсіпкерлікпен айналысады, 112 адам жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz