Өткен жылы әлемде өндірілген табиғи уранның 22% Қазақстанға тиесілі

0

Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 процентке төмен.

Былтыр әлемде өндірілген табиғи уранның 22 проценті Қазақстанға тиесілі, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы 2018 жылы 21 705 тонна уран өндірген. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 процентке төмен.

Ал биыл «Қазатомөнеркәсіп» 22 мың тонна уран өндірмек.

Өткен жылды қорытындылаған компания басшысы тағы бірқатар көрсеткішті жіпке тізді. Мәселен, компания қазынасына түскен таза пайда 380 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 173 процентке көп.

– Өткен жылы компанияның тарихындағы табиғи уран сатылымын рекордтық деңгейге дейін жеткіздік. Осылайша біз ең ірі уран өндіруші ғана емес, әлемдегі табиғи уран сатылымы бойынша да көшбасшы болдық. 2018 жылғы уран сатылымы 2017 жылғы көрсеткіштен 65 пайызға асып түсті, дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz