Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан сегіз қазақстандық көз жұмды

0

Қазақстанда бәр тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмонияның асқынуынан тағы сегіз өлім оқиғасы тіркелді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда бір тәулік ішінде тағы 115 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Оған қоса, қауіпті дерт салдарынан үш өлім дерегі тіркелді.

Елімізге коронавирус келген сәттен бастап, COVID-19 вирусын 109 623 адам жұқтырғаны белгілі болды.

Олардың ішіндегі 1799 науқас дертті еңсере алмай, қайтыс болды. Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пнемонияны жұқтырудың тағы 15 дерегі анықталды.

Пневмония тағы бес қазақстандықтың өмірін қыршынынан қиды. Бірінші тамыздан бастап, республика аумағында КВИ белгілері бар пневмонияны 35 980 адам жұқтырып, 387-cі қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің қай аймақтарында карантин режимі күшейтілгенін жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Қазақстанда сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді.