Өткен тәулікте Алматы облысында 12 адам КВИ жұқтырған.

0
54
Соның ішінде Алакөл ауданында – 3, Балқаш, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 2 жағдайдан, Қарасай, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ өткен тәулікте 44 адам емделіп шықты. Өңір «ЖАСЫЛ» аймақта.
06.12.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 658 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 33 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 36,7 %.
Соңғы 3 күнде 5415 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 869 328. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1536. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 794 779. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 690.
Құрметті жетісулықтар!
Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды.
Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады!
Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!