«Өтіріктен шаршадым, халықпен бірге болғым келеді»: БҚО-да «Нұр Отан» мүшесі сайлаудан кейін партиядан шығатынын жариялады (ВИДЕО)

0
1828

Біржан Кужаков Facebook-ке жолдаған жолдауында ол халықпен бір жақта болғысы келетіндіктен кетіп бара жатқанын, ал халық партияға қарсы екенін айтады.

«Мен сізге жаңалықты айтқым келеді. Екі-үш күн ойландым, бүгін ақыры шештім. Мен өз еркіммен «Нұр Отан» партиясынан шығамын. Барып партиядан шығу туралы арыз жазайын деп жатырмын. Мен халықпен бірге болғым келеді. Өтіріктен шаршадым» дейді ол.

«Оларды(Нұр Отанды) халық жауы дейді, ал мен халық жауы болғым келмейді. Мен халықпен тату-тәтті өмір сүргім келеді» дейді.

Еске салайық, бұрынғы жол полициясының қызметкері оралдық Біржан Кужаков қызметте екі аяғынан айырылған. Осыдан кейін ол мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз етіп, «Гибадат» ЖШС кәсіпорнын ұйымдастырды. 2015 жылы Кужаков мүмкіндігі шектеулі жандардың қызметін қолдау мақсатында «Демеу» қоғамдық бірлестігін ашты. 2020 жылдың күзінде Біржан Кужаков «Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысты.