Өтеген батыр кентінде мүгедек жандардың халықаралық күні атап өтілді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы маңындағы Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық Колледжінде мүгедек жандардың халықаралық күні аталып өтілді.
1992 жылдың 3 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 47-сессиясында ұйымның Бас ассамблеясы Халықаралық мүгедектер күнін бекіткен еді.
Алматы облысының Іле ауданында 3 000-нан астам мүгедек тұрады, олар іс жүзінде жұмыспен қамтылмаған, олардың жалғыз табысы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру болып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету және оларды қоғамға табысты кіріктіру мақсатында Іле ауданының аумағында көптеген жылдар бойы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әртүрлі кәсіптерге оқытуға бағытталған «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) мен «Прогресс» политехникалық колледжінің бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Біріншіден, бұл осы санаттағы азаматтарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға, өзінің әл-ауқатын арттыруға және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, екіншіден, олардың қоғаммен табысты ықпалдасуына септігін тигізеді.
Жоба аясында түрлі мамандықтарға оқыту бағдарламалары іске асырылуда. Бүгінгі күні жоба бойынша ерекше қажеттіліктері бар 30 адам мынандай мамандықтар бойынша оқытылуда: тігінші, наубайшы, аспазшы, массаж маманы, аяқ киім тігу шебері, сабын қайнату шебері, компьютерлік сауаттылық. Кәсіби оқытуға қосымша білім алушылар арасында ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында шағын бизнесті дамыту мектептері мен қызығушылықтар бойынша клубтар ұйымдастырылды. Кез келген өндірілетін өнімнің жоғары сапасы, қолжетімді баға санаты шегінде және әлеуетті сатып алушыларда сұранысқа ие болуы үшін оқыту курсының ажырамас бөлігі ретінде ойластырылған маркетингтік компоненттерді енгізу өмірлік маңызды фактор болып табылады.
«Ерекше қажеттіліктері бар жандарды оқытудағы өз жеке тәжірибемнен оқыту процесінде оларда қоғамға қажеттілік, әлеуметтік іске асыруың маңыздылығы мен перспективаларын түсіну қалыптасатынын сеніммен айта аламын. Бұл жоба мүгедектерге қоғамның толыққанды мүшесі болуға, өз жолын табуға және пайдалы әрі қаржылай тәуелсіз болуға мүмкіндік сыйлайды»,-дейді «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Жанна Телпекбаева.
Жобаны жүзеге асырудың 8 жылы ішінде «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы 40 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді, бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі адамдарды түрлі мамандықтарға оқытуға, мұғалімдердің жалақысына, курсты оқытуға арналған материалдарды алуға бағытталған. Сондай-ақ жобаны іске асырудың 8 жылы ішінде 240 адам оқытылған, олардың барлығы сәтті жұмысқа орналасты немесе өз кәсібін ашты, сондай-ақ қоғамға интеграцияланды.
Бүгінгі таңда аталған бағдарламаның 60 түлегі «Мега» және «Спутник» сауда-ойын-сауық орталықтарындағы киім және аяқ киім жөндеу шеберханасына; Алматы қаласының есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған өндірістік бірлестігіне; киім және арнайы киім тігу компанияларына жұмысқа орналастырылған. 40 адам жеке кәсіпкер атанған және үйде тігінші ретінде жұмыс істейді; 10 адам «Прогресс» политехникалық колледжінде тігін шеберханасында қызмет етеді.
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС сыртқы байланыстар жөніндегі басшысы Ринат Заитов қоғамдастықтардың дамуын қолдауға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып жатқанын айтып өтті.
«Бұл ерекше қажеттіліктері бар жандарды қолдау, жұмыссыз жастарды қайта мамандандыру және кәсіптік-техникалық оқыту, ауылда агробизнесті дамыту және т.б. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, «Филип Моррис» компаниясы Қазақстанда қайырымдылық қызметін кеңінен жүргізуде. Әлеуметтік проблемаларды шешу және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жобаларды іске асыру үшін Қазақстандағы компания инвестицияларының жалпы көлемі 1993 жылдан бастап 8,200,000 АҚШ долларын құрады», — дейді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ