отбасының табысы қандай болуы шарт

0
6

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Егер отбасының ортақ табысын жан басына шаққанда 102 мың теңгеден асып кетсе, онда олар жаңа бағдарлама бойынша өте алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «5-10-20» бағдарламасына қатысатын отбасының бюджетін есептеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, отбасының әрбір мүшесіне санағанда табыстың мөлшері күнкөріс деңгейінің 3,1-інен (сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болып бекітілді – Sputnik Қазақстан) аспауы шарт. Сонда бір отбасының әрбір мүшесіне тиетін табыстың мөлшері 100 000 теңгенің маңайында болуы қажет.

«Мысалы, бағдарлама басталғанда бізге кезекте тұрған мемлекеттік қызметкер келді дейік. Жұбайымен бірге екі баланы тәрбиелеп отыр. Отағасының жалақысы 300 мың теңге, әйелі де айына 300 мың теңге тапса, онда олар жаңа бағдарлама бойынша өте алмайды. Себебі 600 мың теңгені төртеуіне санағанда 100 мыңнан асып отыр. Ал тәртіп бойынша отбасының әрбір мүшесіне табыстың мөлшері 101 270 теңгеден аспауы қажет», – деді Ибрагимова Tengri TV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жаңа тұрғын үй бағдарламасына кезекте тұрған адамдар ғана қатыса алады. Бүгінде республика бойынша олардың жалпы саны – 540 мың адам. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме мамандары, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер, әскерилер мен мүгедек баласы бар отбасылар қамтылған.

Оқи отырыңыз: «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы қашан іске қосылатыны айтылды



sputniknews.kz