Отбасында ұрыс шығарған адам енді үйіне кіргізілмеуі мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Парламент мәжілісінің палата депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қарастыруға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

«Аталған заң жобасы Парламент депутаттары бастамасымен ұсынылып отыр. Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық ортада құқық бұзатындардың жауапкершілігін қатайтуға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, бұл мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты әзірленген заң жобасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алу мәселесіне айрықша назар аударылды. Осы орайда, заңнаманың мақсаттары мен міндеттері және қағидаттары күшейтілді», — деп мәлімдеді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова.

Сөзінше, қазір осы мәселеге байланысты бірқатар шараларды жүзеге асыру қолға алынған. 

«Сонымен бірге, отбасында жанжал шығарушылардың мінез-құлқын психологиялық әдістермен түзеудің, қоғамдық бақылау институтын енгізудің тетіктері қарастырылуда. Бұған қоса, полицияның зорлық-зомбылықтың кез келген фактісіне жедел әрекет ету бойынша жауапкершілігі күшейтілуі, сондай-ақ қайғылы жағдайлардың орын алуын болдырмау үшін отбасында өктемдік жасаушыны тұрғын үйден уақытша шығару жөніндегі норма көзделді. Комитет заң жобасымен жұмыс істеуге және 2020 жылғы 23 қыркүйекке дейін қорытынды әзірлеуге дайын», — деді Г. Әбдіқалықова.

Атап кетерлік жайт, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын жұмысқа алыпты.

 

stan.kz