“Отбасына барып көңіл айтты” — әкімдік Шерзат Болаттың ағасына байланысты мәлімдеме жасады

Алматы облысы әкімдігі Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты мәлімдеме жасады.
«Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері Нұрқанат Ғайыпбаевтың қайғылы қазасына байланысты отбасына барып көңіл айтты. Сондай-ақ олар осы қиын кезеңде Нұрқанаттың жанұясына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді», — деп жазылғанәкімдіктің Massaget.kz-ке жауабында.