«Отбасыдан кетейін»: Әкесінің атын ұмытып қалған Төреғалидің ұлы елді күлдірді (видео)
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде ұлы Төренұрдың видеосын жариялап, елді күлдірді. «Ұлы дала баласының» перзенті өз жұлдызды әкесінің атын ұмытып қалған, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Төреғали Төреәлі ұлының видеосын Instagram парақшасында бөлісті. Бейнежазбада Төренұрдың атасы қойған сұраққа жауап бере алмай жатқанын көруге болады. Ол туған әкесінің атын ұмытып қалып, біраз уақыт есіне түсіре алмай отырған.
«Күнде айта беру керекпін ба? Мен әкемнің атын ұмытып қалдым ғой енді. Менің атым — Төренұр. Маған сендердің балаларың болуға болмайды ма сонда? Кетейін ба отбасыдан», — деп атасына өкпесін білдірді немересі.
Алайда видео соңында Төренұр жұлдызды әкесінің атын есіне түсірді. Аталмыш бейнежазба желі қолданушыларын күліп, сансыз пікірлерге ие болды. Қалың көпшілік видеоның өте күлкілі шыққанын айтып, Төренұрға жылы лебізін білдірді.
видео: www.instagram.com
Фото: Instagram/torenurtoreali