«Отбасы мүшесін өлтірмеген»: Сот Бишімбаевты әкелік құқықтан айырудан бас тартты

0

Азаматтық некедегі әйелін аса қатігездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман балаларының әкесін ата-ана құқығынан айыру үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгінді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назым Қахарман Астанада өткен баспасөз конференциясында Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырып, балаларының тегін ауыстыру үшін сотқа арыз жазғанын айтты. Алайда сот оның бұл арызынан бас тарқан. Айтуынша, экс-министр Салтанат Нүкеновамен азаматтық некеде тұрғандықтан, Бишімбаев отбасы мүшесін немесе жақынын өлтірген жоқ деп саналады екен. Алайда Назым балаларының Салтанатты отбасы мүшесі және әкесінің әйелі ретінда қабылдағанын айтты.

“Өкінішке орай, барлығын айтып, көмек сұрауға мәжбүрмін. Меніңше, соттың арызымды қабылдамауы әділдікке жатпайды. Соттың назарын аудару үшін қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгінемін. Міндетті түрде аппеляциялық сотқа беремін. Өйткені мен үшін балаларымның болашағы, қызығушылықтары мен тұлға ретінде қалыптасуы маңызды. Балаларды Салтанат Нүкенованы отбасы мүшесі ретіндде қабылдағанын дәлелдедік. Алайда сот мүлдем басқа шешім шығарды”, – деді Назым Қахарман.

Айтуынша, балалардан жауап алынған, десе де оны ешкім ескермеді.

“Бұл мүлде дұрыс емес әрі заңсыз. Егер ата-ана қылмыс жасаса, мемлекет оны ата-ана құқығынан айырады. Осылайша баланы қорғайды. Бірақ сот неге екпінді “отбасы мүшесі” деген сөзге қойып отыр? Не себепті сот кез келген қылмыс жасаған адамды ата-ана құқығынан айырмайды”, – дейді заң өкілі.

Назым Қахарман балаларының тегін ауыстырмақ болған. Бірақ сот оның бұл арызын да қабылдамаған.

Бұған дейін Бишімбаевтың экс-жұбайы балаларының әкесімен араласқысы келмейтіні туралы айтты.