Отандық сейсмологтар: «Алматы аймағында жеті балдық жер сілкінісі болуы ықтимал»

0
Қазақ елінің сейсмолог ғалымдары ғылыми зерттеулерге иек арта отырып, алдағы уақытта елімізде болуы мүмкін жер дүмпулеріне қатысты болжам жасады. Бұл жайлы «Qazaqstan» ұлттық арнасы хабарлады.
«Qazaqstan» ұлттық арнасының журналистері дайындаған материалда мамандар былай жазады:
— Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма? Сейсмологтар болжам жасады. Қазақстандық сейсмологтар Алматы аймағында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Әсіресе, Алматы аумағы. Мұнда 1887 және 1911 жылдары күшті жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда мегаполисте дүмпудің орташа мерзімі бойынша қорытынды әзірленді.
Құрметті оқырман, естеріңізге сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирия аймағында алтыншы ақпан күні жер сілкінді. Зілзаланың магнитудасы 7,6 балды құрады.
Қазақ еліндегі жер толқынысына бейім аймақтарға қатысты 2018 жылы жарияланған дерекнамада:
«Қазақстан аумағының сейсмикалық қауіпті аймақ саналатын үштен бір бөлігінде 6 миллионнан астам адам тұрады. 400-ден астам қалалар мен елді мекендер, өнеркәсіп әлеуетінің 40%-ы осы аймақтарға шоғырланған. ҚР сейсмикалық аудандарындағы (аймақтарында) құрылыс» ережелері жинағына (2.03-30-2017 ҚР ЕЖ) сәйкес, Алматы қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Ұйымның ескі атауын жаңғыртудың негізі осында жатыр» делінген.